Футбол ардагерлеріне ҚФФ стипендиясы беріледі

26 қазан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Футбол ардагерлеріне ҚФФ стипендиясы беріледі 26 қазан күні елордада орналасқан Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. Күн тәртібінде футбол клубтарын лицензиядан өткізу мәселелері, футбол инфрақұрылымдарының талаптарын күшейту, футбол клубтары үшін 2023 жылғы маусымның алғашқы тіркеу кезеңінің мерзімін бекіту және өзге де сұрақтар талқыланды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Атқарушы комитет келесі шешімдерді қабылдады: 1. УЕФА ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиядан өткізу ережесін бекіту; 2. УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу үшін әйелдер футбол клубтары арасында лицензиядан өткізу ережесін бекіту; 3. ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиядан өткізу ережесін бекіту; 4. Футбол инфрақұрылымдары бойынша ҚФФ регламентін бекіту, оның ішінде: 5. Ерлер және әйелдер командаларына 2023 жылғы маусымның алғашқы тіркеу кезеңінің мерзімін 30 қаңтар мен 23 сәуір аралығында бекіту; 6. Футбол клубтарын лицензиядан өткізу бойынша комиссиясының құрамын бекіту; 7. ҚФФ коллегиялық органы жөнінде ережені бекіту; 8. Әйелдер командалары арасында футболдан 2022 жылғы маусымның қорытындысын бекіту; 9. Футзалдан премьер-лига командалары арасында дайындық топтарының ҚР біріншілігін (U-13, U-15, U-17, 2022-2023 жылғы маусым) өткізу жөнінде ережені бекіту; 10. ҚФФ стипендиясын алу үшін қазақстандық футбол ардагерлерінің тізімін бекіту; 11. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының үндеуі бойынша, «Елімай» футбол клубын 2023 жылғы Бірінші лига клубтары арасында ҚР біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау кезеңіне өткізуге рұқсат ету.