Еуропалық Кеңес президенті Қазақстанға келді
Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық әуежайда мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.