Аймағамбетов Нью-Йоркте домбыра тартқан қазақстандықтың видеосын бөлісті

Аймағамбетов Нью-Йоркте домбыра тартқан қазақстандықтың видеосын бөлісті

Аймағамбетов Нью-Йоркте домбыра тартқан қазақстандықтың видеосын бөлісті
ашық дереккөзі
Асхат Аймағамбетов қазақстандық мектеп түлегінің Нью-Йорк тұрғындарына домбырада ойнап берген видеосын бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Видеоны Нью-Йорк қаласының мэрі де өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Видеода - НЗМ мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмырза. Ол Нью-Йорк тұрғындарына «Ерке Сылқым» күйін орындап берді. Отандасымыздың домбырада ойнаған сәтін Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Мектептердің түлектері бізді өз білімдерімен, халықаралық зияткерлік жарыстардағы жетістіктерімен үнемі қуантып келеді. Сонымен қатар балаларымыздың Отанымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілігін көрсететін осындай іс-әрекеттері де ерекше қуаныш, мақтаныш сезімін ұялатады» деп жазды Асхат Аймағамбетов.