Жаңалықтар

Болашақ көлік жүргізушілеріне қойылатын талап күшейтіледі

ашық дереккөзі

Болашақ көлік жүргізушілеріне қойылатын талап күшейтіледі

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындарға онлайн форматта дайындалуға тыйым салу керек. Бүгін Мәжіліс депутаттары осындай ұсыныс жасап, Үкіметке сауал жолдады деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Гүлдара Нұрымованың айтуынша, емтиханға үйден дайындалу туралы өзгеріс 2016 жылы енгізілген. Өткен 6 жылда жол апаттарының саны күрт ұлғайды. Биылдың өзінде бұл көрсеткіш 9 процентке жетіп, 13 мыңнан астам оқиға тіркелген. Салдарынан 2 мың адам көз жұмып, 18 мыңы жарақат алды. Жүргізушілердің көбі жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Болашақ жүргізушілерді дайындаудың орнына сертификаттар табыстап жүрген автомектептер де қаптап кеткен. Мәселен, қазір елде 747 осындай оқу орталығы бар. Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін депутаттар жауапты органдардың емтиханға дайындау стандарттарын тез арада өзгертуді талап етті.