TikTok қазақ тіліне аударылмақ

TikTok қазақ тіліне аударылмақ

TikTok қазақ тіліне аударылмақ
ашық дереккөзі
Бұл туралы Astana Media Week форумында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының болашақ басшысы Анастасия Панина хабарлады деп жазды turkystan.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Цифрлық сауаттылық - басымдық. Біз Қазақстандағы серіктестерімізге жақын болғымыз келеді. Қазіргі таңда біз жобалардың санын арттыру үшін TikTok қосымшасын аудару бағытында жұмыс істеудеміз. Соның ішінде қазақ тілі де бар. Біз үшін қолданушылардың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары. Біз қоғамдастықтардың ережелерін белсенді жаңартып отырамыз. Аудитория платформаны қалай пайдалану керектігін білу мақсатында білім беру жобаларының үлкен санын іске қосудамыз», - деді спикер.
Анастасия Панинаның айтуынша, Қазақстандағы аудитория өте шығармашыл.
«Мысалы, химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов үлкен танымалдыққа ие болды. Себебі ол химия туралы танымды айтып беретіні соншалық, сабақтары өте қызықты», - деді ол.