«Қанды іштіңіздер»: қазақстандық нокаутшы ерекше жаңалығын айтты

«Қанды іштіңіздер»: қазақстандық нокаутшы ерекше жаңалығын айтты

«Қанды іштіңіздер»: қазақстандық нокаутшы ерекше жаңалығын айтты
ашық дереккөзі
Бірінші орта салмақтағы жеңілмеген қазақ боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) көптен күткен айқас туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Былтыр қаңтардан бері жұдырықтаспаған Ахмедов желтоқсанда рингке оралады. Жекпе-жек Алматыда өтеді, алайда нақты уақыты әзірге белгісіз.
«Рингке шықпағаныма екі жылдай болды. Осы екі жылда боксты түсінетіндер бар, түсінбейтіндері бар, қанды іштіңіздер. Әрине, әзіл. Көптен күткен жекпе-жекті қазақ елінде, қазақ жерінде өткіземін. Желтоқсан айында Алматы қаласында. Бірақ күні әлі белгісіз. Мен және басқа қазақ боксшылары шығатын үлкен бокс кеші өтеді. Бір ғана өтініш, аренаны толтырайық. Аренада кездескенше», - деді Ахмедов Instagram желісінде.