2017 жылы жол-көлік айыппұлдарының құны қанша?

2017 жылы жол-көлік айыппұлдарының құны қанша?

2017 жылы жол-көлік айыппұлдарының құны қанша?
ашық дереккөзі
2017 жылы төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (АЕК) өсуіне байланысты (1 АЕК – 2 269 теңге) жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген. Атап айтқанда: – Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғандар – 22 690 теңге, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар – 34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге; – Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге; – Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізушілер – 22 690 теңге; – Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер – 15 883 теңге; – Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар – 11 345 теңге; – Тротуарда және жалғызаяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар – 35 035 теңге; – Жол бойында апатты жағдай туғызған жүргізушілер – 22 690 теңге; – Темір тұлпарын жүргізуші куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқарған жүргізушілер 11 345 теңге айыппұл төлейді.