Түркістанда үйлену тойы Әнұранмен басталды (ВИДЕО)

Түркістанда үйлену тойы Әнұранмен басталды (ВИДЕО)

Түркістанда үйлену тойы Әнұранмен басталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістанда жастар тойы Әнұранмен ашылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Түркістан қаласының тұрғыны Мейіржан мен Ақботаның шаңырақ көтеру тойы Республика күнімен қатар келді. Ұлттық мерекеде жас отбасылардың үйлену тойына келген қонақтар ерекше жайттың куәсі болды. Тойдың ашылу салтанатында жиналған көпшілік қолдарын жүрек тұстарына қойып, Әнұранды орындады. Желіде тараған видеодан қос жұптың артында екі жігіттің мемлекеттік Туды ұстап тұрғанын көруге болады. Ал, биші қыздар мен той иелері көпшілікпен қосылып, Әнұранды шырқады. Одан соң, салтанатты түрдегі неке қию рәсімін жасаған. Айта кетейік, Мейіржан Сайфуллаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-де қызмет атқарады.