Головкинге гонорары көп жекпе-жек ұсынылды
Головкинге гонорары көп жекпе-жек ұсынылды
Manny Boxing Channel Youtube арнасы орта салмақта WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 KО) үлкен айқас үшін титулдарды қорғаудан бас тартуды ұсынды деп хабарлады Turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Келісім бойынша, қазақстандық боксшы IBF белбеуін Эскива Фалькаоға, одан кейін WBA титулын Эрисланди Лараға қарсы қорғауға тиіс.
«IBF Головкинді бразилиялық Эскива Фалькао, WBA - Эрисланди Ларамен айқасуға міндеттеді. Бірақ Головкин екеуімен де шықпауы ықтимал. Ол ешкімді тыңдауға міндетті емес, Головкин үлкен жекпе-жек өткізіп, зейнетке кете алады. Ол басқа боксшы - Хйме Мунгияның арманын орындаса. Мунгия көптен бері Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Ол мықтырақ қарсылас және үлкен табыс әкеледі. Сондықтан міндетті жекпе-жектер өтпеуі де мүмкін», - деді Manny Boxing Channel.