Оралда барар жері жоқ әйел балаларымен аялдамада түнеп жүр

Оралда барар жері жоқ әйел балаларымен аялдамада түнеп жүр

Оралда барар жері жоқ әйел балаларымен аялдамада түнеп жүр
ашық дереккөзі
Оралда үш баласы бар әйел аялдамада түнеп жүр деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап. Басылым дерегінше, балалардың анасы ішімдік ішпейді. Учаскелік полицей рейд кезінде ет комбинатының жанындағы аялдамада бала-шағалы әйелді байқайды. Оның барар жері жоқ болған соң, балаларымен автобус аялдамасында түнеген. Мән-жайды анықтаған соң барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Кейінірек төрт жасар екі егіз баланы қолдау орталығына жіберді. 11 айлық ұл ауруханаға жатқызылды. Бала толық тексеруден өткізіледі. Әйелге жұмыс тауып беру мәселесі қарастырылып жатыр.