Жаңалықтар

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасуда

ашық дереккөзі

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасуда

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізуде.

Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті.