Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды

Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды

Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында тас жолдың бойындағы қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясына Бадамша ауылы маңындағы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түсті. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакеттің ішінде болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.