Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды

Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды

Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды
ашық дереккөзі
23 қазан күні Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу электр орталығынан ақау шығып, халық жылусыз қалды деп хабарлады turkystan.kz. Қазандықтар жұмысын тоқтатып, халық жылусыз қалған.
Осыған орай, қала әкімі ресми мәлімдеме жасады. «Техникалық себептерге байланысты ЖЭО жұмысы тоқтатылды. Бірден оқиға орнына барып, тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Жылу қайтадан қосылады. Сондықтан тұрғындарға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырамын», - деді әкім Дмитрий Горьковой.