Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан екі қола жеңіп алды

Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан екі қола жеңіп алды

Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан екі қола жеңіп алды
ашық дереккөзі

Қазақстан спортшылары Испанияның Понтеведр қаласында еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында қоржындарын тағы екі медальмен толықтырды деп хабарлады turkystan.kz «Спорт Шредингера» Telegram-каналына сілтеме жасап.

Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) және Асыл Айтақын (61 келіге дейін) 23 жасқа дейін еркін күрестен ӘЧ-2022 қола жүлдегері атанды. Асыл «қола» үшін күресте грузиндік Рамаза Турманидзені жеңсе, Әлішер венгр Милан Корксогтан басым түсіп, медаль алды. Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Ергеш 79 келіге дейінгі салмақта біріншіліктің күміс жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.