Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына батыс антициклоны ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.