Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

24 қазан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы «Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына батыс антициклоны ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.