Жаңалықтар

Қостанайдағы өрт: зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті берілді

ашық дереккөзі

Қостанайдағы өрт: зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті берілді

22 қазан - Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған орман өртінің салдарынан бір сәтте баспанасыз қалған 91 үйдің тұрғыны үшін қуанышты сәт. Оларға Республика күні қарсаңында жаңа үйлердің кілттері табыс етілді деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Әр үйде жуынатын бөлме, газ қазандығы мен пеші орнатылған. Демеушілердің көмегімен жаңа үйге қоныстанып жатқан әр отбасына тоңазытқыш тарту етілді. Жаңа баспаналарын көрген бұрынғы Аманқарағай ауылы тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Олар осындай қиын-қыстау кезде қолұшын созған еліміздің әрбір азаматы мен атқарушы билік өкілдеріне алғыстан басқа айтары жоқ.