Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

23 қазан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 1 КО) кәсіби рингте екінші жекпе-жекте жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Ол Мехикода осыған дейін жеңіліп көрмеген Мексика өкілі Йеассон Пачеко Сервантеспен (6-1, 3 КО) жұдырықтасты. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек қазақстандықтың ауыр нокаутынан кейін екінші раундта аяқталды.