Жаңалықтар

Лондонда Дулат Исабековтің Бөрте туралы пьесасының әлемдік тұсаукесері өтті

ашық дереккөзі

Лондонда Дулат Исабековтің Бөрте туралы пьесасының әлемдік тұсаукесері өтті

Лондонда қазақтың жазушы-драматургі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің Шыңғысханның жары Бөртеге арналған пьесасының таныстырылымы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі парақшасы жариялады. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының (Лондон) қолдауымен «Бөрте - әлем патшайымы» қойылымының халықаралық тұсаукесері өтті. Спектакль ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мельбурн қаласында (Австралия) көрсетіледі, ал келесі жылы ұйымдастырушылар труппаның бұл спектакльмен Ұлыбритания мен АҚШ-қа гастрольдік сапарын жоспарлап отыр. Мельбурндағы қойылымға көрнекті австралиялық мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ әлеуметтік инклюзивті Жас әлем хоры қатысады. Жоба Еуразия кеңістігіндегі халықтардың ұлттық мәдениетін ілгерілету мақсатын көздейтін британдық қоғамдық ұйым болып табылатын Еуразиялық шығармашылық гильдияның бастамасымен қолға алынуда. Аталаған ұйым 2015 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде халықаралық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.