Президент сайлауы неге күзге белгіленді? Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашық сұхбат берді

Президент сайлауы неге күзге белгіленді? Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашық сұхбат берді

Президент сайлауы неге күзге белгіленді? Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашық сұхбат берді
ашық дереккөзі
20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Үміткер болуға ниет білдірген 12 кандидаттың алтауы ғана талаптарға сай болды. Қазір елде кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы Президент сайлауына қатысты, одан бөлек, әлемдегі геосаяси жағдайлар, қаңтар оқиғасы туралы AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов журналист Нартай Аралбайұлына ашық сұхбат берді деп хабарлады turkystan.kz. «Мемлекеттің болашағына қатысы бар ірі шешімдер атүсті қабылданбайды. Мұндай шешімдерді Президент өзіне қажетті азаматтармен, мамандармен, сарапшылармен ақылдасып, өзі қабылдайды. Кезектен тыс Президент сайлауы референдумда халық қабылдаған заңның жалғасы деп есептеу керек. Саяси реформаларды қабылдағанннан кейін, барлық саяси институттар да жаңару керек. Оны қоғам да талап етіп отыр. Әлеуметтік желі арасында, журналистер, қоғам тарапынан «Мәжіліс сайлауы қашан болады? Үкімет қашан өзгереді? Президент сайлауы бола ма?» деген сұрақтар көбейді. Бұл - заңды сұрақтар. Мемлекет басшысы барлық электралдық кестені, яғни сайлау науқандарының болатын уақытын алдағы жартыжылдыққа жариялады. Биыл күзде Президент, келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауы болады. Кейін Үкімет те жаңарады немесе қайта жасақталады. Бұл - мемлекет тарихында алғаш рет болып отырған оқиға. Сондай-ақ бұл - саяси мәдениеттің - ашықтықтың үлгісі, дәстүрі, үрдісі. Екіншіден, биыл Президент сайлауының өтуі – барлық билік институттарының жаңаруының басы деп есептеймін. Халық қолдаған саяси реформаларда Президенттің, Парламенттің құзыретіне және Үкіметке, қоғамдық институттарға байланысты мәселелердің барлығы қамтылды. Енді барлығы жаңа жағдайда жұмыс істейді. Президенттің, Мәжіліс пен Сенаттың да арасындағы өкілеттік те өзгерді. Конституциялық сот сияқты көптеген жаңа саяси инстутттар пайда болды. Барлық жүйе жаңғырып жатқан кезде  Президент соны өзінен бастауды ұйғарды.