Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен Павлодар облысының жастарымен кездесті

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен Павлодар облысының жастарымен кездесті

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен Павлодар облысының жастарымен кездесті
ашық дереккөзі

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады. 22 қазан күні Павлодар облысына барып, кәсіподақ өкілдерімен, жастар сондай-ақ кәсіпкерлермен және еңбек азаматтарымен кездесті. Алғашқы кездесу жастардың бастамаларын дамыту орталығында өтті. Жиында өңір бойынша жұмысқа тұру, тұрғын-үй, еңбек ақы мәселелері көтерілді. Мейрам Қажыкен бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Тиісінше баспана алуға шамалары келмейтін  отбасылардың аз емес екенін растап, мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажет екенін айтты.

«Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағы мамандарға қарағанда аз жалақы алады. Менің ойымша, ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудің уақыты келді.  Нақты реформа арқылы  бірыңғай стандартқа енгізу қажет. Бұл жалақы теңсіздігінің жоюға, оларды тарифтеу және индекстеу әдістерін ашық етуге мүмкіндік береді»- деді, кандидат.
Мейрам Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуға және оны өмірдің барлық саласында жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен ресурстар болатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атап өтті.
«Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы басты міндеттердің бірі - қай жерде тұратыныңызға қарамастан, әлеуметтік қорғаудың тең деңгейін қоямын. Кедейлік табалдырығында тұрған отбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді – оларға кәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Сондай-ақ қарттарға ерекше көңіл бөлу – олардың лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау қажет деп санаймын», – деді Мейрам Қажыкен.
Айта кетсек, жастар бастамаларын дамыту орталығы өңірдегі барлық жастар ұйымдарын біріктіру және олардың қызметін үйлестіру мақсатында құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жасөспірімдер мен жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, олардың адамгершілік, рухани, зияткерлік, шығармашылық және физикалық әлеуетін барынша толық дамытуға ықпал ету. Орталықтың негізгі құрамы - Павлодар облысында тұратын 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Оның ішіне  жастар санатынан басқа жұмысшы, ауыл жастары және жастар ұйымдарының өкілдері кіреді.