Жаңалықтар

Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев Шахтинск қаласындағы кітапхана ұжымымен кездесті

ашық дереккөзі

Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев Шахтинск қаласындағы кітапхана ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Орталықтандырылған кітапханасының ұжымымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында Президенттікке үміткер ЖСДП және партия жүргізіп жатқан жұмыс жөнінде бөлісті. Өз сөзінде үміткер неолибералдық идеологияның уақыты өткенін айтты. Әлемнің көптеген елдері қазірдің өзінде социал-демократияға көшкен. Бұл идеология кедейлікпен күресетін, адамдарға өмір сүру үшін тең мүмкіндіктер ұсынатын, мемлекетті негізгі тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ететін әділ әлеуметтік мемлекет құруға бағытталғанын атап өтті.