«Көрші» сөзі қазаққа қай тілден енген?

«Көрші» сөзі қазаққа қай тілден енген?

«Көрші» сөзі қазаққа қай тілден енген?
ашық дереккөзі
Үйлері жақын, іргелес тұратын адамдар. «Мырзатай үйі мен Күлән үйі көрші, Күлән бұл үйге келіп-кетіп жүреді» (Б. Соқпақбаев, Бастан кеш.). «Көрші» сөзі қазақ тіліне монғол тілінен ауысқан дерлік деректер жеткілікті. Біріншіден, біздегі «көрші» мағынасын «хөрш» тұлғасы береді (Қаз.-мон. сөз., 1977,159). Екіншіден, монғол тілінің өзінде бұл сөздің «көрші» ұғымы алғашқы мағына еместігін көреміз. «Хөрш» тұлғасының монғол тіліндегі әуелгі мағынасы біздегі «дәмдес» түсінігін берген (Сонда, 88). Ойға салып қарасақ та, қатар, іргелес үйдегі адамдар бірінің үйіне бірі кіріп, дәм-тұз татыспай тұрмайтыны бесенеден белгілі. Дәлірек айтқанда дәмдестік пайда болады. Демек, монғол тіліндегі «хөрш», қазақ тіліндегі «көрші» сөздерінің тұңғыш мағынасы – «дәмдес» дегенді білдірген.

Дереккөз: «Бес жүз бес сөз» кітабы