Бақытгүл Хаменова үй қамаққа жіберілмеді

Бақытгүл Хаменова үй қамаққа жіберілмеді

Бақытгүл Хаменова үй қамаққа жіберілмеді
ашық дереккөзі
Судья қылмыстың ауырлығына байланысты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартты деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Хаменованың адвокаты Игорь Вранчев тергеу изоляторында отырған қорғауындағы бұлтартпау шарасын үй қамаққа немесе ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге ауыстыруды сұрады.
«Сыртта адамдар өздерін жақсы сезіне ме, білмеймін, бірақ түрмеде әр сағат, әр күткен уақыт, бұл - адам тағдыры, сондықтан, құрметті сот, мен адвокатымның дәлелдерімен келісемін», - деді Бақытгүл Хаменова.
Прокурор Саматова қарсылық білдіріп, Хаменоваға тағылған айып ауыр қылмыстық құқықбұзушылық ретінде сараланғандықтан, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Судья Жұмағали Тәшімов кеңесу бөлмесіне шығып, қайта оралып, Хаменоваға тағылған айыптың ауырлығын ескере отырып, адвокат Вранчевтің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Келесі отырыс 27 қазанға жоспарланған. 2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды. Ол Атырау қаласында Абай ескерткішін жасап, орнатуға мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасу үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. 12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның екі бала тәрбиелеп отырғанын, біреуі бала кезінен мүгедек екенін, қарт анасының асырауында екенін, бұрын сотты болмағанын, құзырлы органдардан жасырмағанын ескерді. Желтоқсанның 23-і күні Хаменованың уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны хабарланды. Атырау облыстық сотында түсіндірілгендей, ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген, сондықтан оны қамауға алу керек.