Қызылордалық полицейлер Анталияда алтын жеңіп алды (ВИДЕО)

Қызылордалық полицейлер Анталияда алтын жеңіп алды (ВИДЕО)

Қызылордалық полицейлер Анталияда алтын жеңіп алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркияның Анталия қаласында 17-23 қазан күндері әмбебап жекпе-жектен әлем кубогы өтуде. Бұл сайысқа әлем бойынша 18 мемлекеттен келген спортшылар қатысты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Спорттық додада Қазақстаннан барған жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы  Нұршат Аманқосов сынға түсті. Жарыс барысында 4 кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, алтыннан алқа тақты. Қарсыластары Әзербайжан, Түркия, Румыния, Украинадан келген спортшылар болды. Одан бөлек, 85 келі салмақта өнер көрсеткен Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрбол Сқақов әріптесінің жетістігін қайталап, әлем кубогын жеңіп алды. https://www.youtube.com/watch?v=2pOHXoBE7vA Оның қарсыластары  Өзбекстан, Түркия, Сербия, Украинаның спортшылары болды. Жеңімпаздар кубоктар, алтын медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.