Жаңалықтар

Қазақстан алдыңғы қатардағы 15 елдің ішіне кірді

ашық дереккөзі

Қазақстан алдыңғы қатардағы 15 елдің ішіне кірді

Дүниежүзілік алтын қоры кеңесінің мәліметінше, Қазақстан алтын қоры бойынша алдыңғы қатардағы 15 елдің ішіне кірді деп хабарлады turkystan.kz. Биыл қыркүйек-қазан айларындағы есеп бойынша, Қазақстанның алтын қоры екі тоннаға өсіп, жалпы көлемі 375 тоннаны құрады. Алдыңғы қатарда топ бастап тұрған –  АҚШ. Олардың қорында сегіз мың тоннаға жуық алтын бар. Екінші орында – Германия және Италия. Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанда бір грамм алтын 25 мың теңгеге жуық.