Педофилдерді өлім жазасына кесуі мүмкін

Педофилдерді өлім жазасына кесуі мүмкін

Педофилдерді өлім жазасына кесуі мүмкін
ашық дереккөзі
Қырғызстанда балалардың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырау фактісінің өсуіне байланысты Қырғыз Конституциясында педофилдерге жаза ретінде өлім жазасын қарастыру ұсынылды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған, деп хабарлады turkystan.kz halyq uni сайтына сілтеме жасап. Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылдың 8 айында ғана 14 жастағы кәмелетке толмаған балаға қатысты 1 кісі өлтіру (зорлау, жыныстық құмарлықты күштеп қанағаттандыру), 35 зорлау фактісі (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 15 жағдай, 14-тен 18-ге дейін -20), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың 25 жағдайы (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 16 факт, 14 жастан 18 жасқа дейін-9) тіркелген. Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің 61 депутатынан тұратын топ Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу туралы бастама көтерген.