Анна Данилина Мексикадағы турнирдің ширек финалына өтті

Анна Данилина Мексикадағы турнирдің ширек финалына өтті

Анна Данилина Мексикадағы турнирдің ширек финалына өтті
ашық дереккөзі
Анна Данилина Гвадалахарадағы WTA 1000 сериялы турнирдің екінші айналымында Бразилия өкілі Беатрис Хаддад Майямен бірге жұпта сәтті өнер көрсетті. Олар АҚШ спортшысы Дезире Кравчик пен Нидерланды өкілі Деми Схурсты жеңді деп хабарлады turkystan.kz.

Матч 3:6, 7:5, 10:8 есебімен аяқталды.

«Ширек финалда Қазақстан-Бразилия дуэті әлемнің үшінші жұбы, американдық жұп Кори Гауфф пен Джессика Пегуламен кездеседі» деп жазылған Қазақстан теннис федерациясы таратқан ақпаратта.