Жаңалықтар

LG компаниясы Қазақстанға көшірілуі мүмкін

ашық дереккөзі

LG компаниясы Қазақстанға көшірілуі мүмкін

LG Ресейдегі зауытты жауып, Қазақстанға немесе Өзбекстанға көшуді жоспарлап отыр деп хабарлады turkystan.kz. Ресейдегі санкциялар мен соғыс жағдайына байланысты оңтүстіккореялық тұрмыстық техника өндіруші LG компаниясы өндірісті басқа елге көшіруді жоспарлап отыр. Компания Өзбекстан мен Қазақстан арасында таңдау жасайды. Бұл туралы Комерсант басылымы жазды. Компанияның зауыты Қазақстанда бұған дейін болған, бірақ ол 1998 жылдан бері жұмыс істемейді. Деректерге сүйенсек, қазір Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Өндірістің Өзбекстанға берілуі арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек десе, Қазақстанда төлем жасауға қабілетті тұтынушылардың көп болуы қызықтырып отыр. Енді компания екі жақты да қарастырып жатыр. Бір деректерде компанияның қызметкерлері Ташкентке қоныс аударған делінсе, енді бір ақпаратта таңдау Қазақстанға түскені айтылған.