Жаңалықтар

Талдықорғанда біреулер бейіт қопарып жүр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Талдықорғанда біреулер бейіт қопарып жүр (ВИДЕО)

Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылындағы зираттағы бейіттерді белгісіз біреулер қорлаған деп хабарлады turkystan.kz. Orda.kz сайтының жазуынша, белгісіз адамдар бейіттерді қазып, табыттарды талқандаған. Олардың бірінде бала жерленген. Куәгерлер ауылдық қорымнан қазылған екі бейітті тапты. Олардың айтуынша, бейіттер жай ғана қазылмаған. Айналада табыттардың тақтайшалары, маталар, тіпті марқұмның аяқ киімдері де шашылып жатыр. Полиция оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.