Жүрсін Ерман ауруханаға түсті

Жүрсін Ерман ауруханаға түсті

Жүрсін Ерман ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Бұл туралы айтыс ақыны Мұхтар Ниязов әлеуметтік желіде хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Бүгін Жүрсін ағаның ауруханаға түскенін естіп, уайымдап қалдық. Көптен денсаулығы сыр беріп жүрсе де, үлкен аламандарға барып, бастан-аяқ жүргізіп, мейлінше қалмауға тырысатын. Осы жолғы дерті қаттырақ соққан сияқты. Қай жылы Жүкең Кореяға барып толық тексеріліп келіп: «Кәрістерің денсаулығыңның отыз пайызы ғана қалды деп отыр, жетпіс пайызбен жетпіс жыл жүрдік қой, енді отыз пайызы отыз жылға шыдап берсе, ғасыр жасап қалатын шығармын», -  деп қалжыңдаған. Сол қалжыңы шынға айналсын, ағамыз сақайып аттай шауып кетсін. Жұма күнгі үлкен бір тілек - осы!» деп жазды айтыскер.