Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Сыртқы істер министрімен сөйлесті

ашық дереккөзі

Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz СІМ-ге сілтеме жасап. Министрлер өткен аптада Астанада өткен АӨСШК, ТМД және Орталық Азия - Ресей саммиттерінің қорытындыларын, сондай-ақ ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.