Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды

Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды

Димаштың Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды
ашық дереккөзі
Малайзия Димаштың концертін кейінге қалдырды деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы мәлімет Instagram-дағы @acomedia.one парақшасында жарияланды. Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің концерті Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өтетіні айтылған болатын. Әншінің шоу концерті 19 қараша күні өтетіні айтылса, билеттер сатылымы 21 қазанда Ticket2U сайтында басталу керек болған. Алайда Малайзияда өтетін сайлауға байланысты шоу кейінге қалдырылған. Аcomedia.one мәліметіне қарағанда, Димаш Құдайбергеннің концерті өткізілетін күн қараша айында хабарланатын болады. Концерттің кейінге шегерілгені туралы жазбаға әншінің фанаттары пікір қалдырған. Олардың бірі осы концерт үшін алған ұшақ билеті мен қонақ үйдегі орнының ақысы қайтарылмайтынын айтып, өкінішін білдірген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ACO有种传媒 (@acomedia.one)