Жаңалықтар

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы ашылды

ашық дереккөзі

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы ашылды

Бүгін Астанада ҚР Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабының ресми ашылуы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Кандидаттың республикалық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков штаб жұмысын аша отырып, құттықтау сөз сөйледі. Ол кандидатты таныстырып, сайлау науқанын өткізу жоспарлары туралы айтты. «Менің сайлауалды бағдарламам біздің басты ұлттық артықшылықтарымыз – дала демократиясы қағидаттарын; жоғары рухани-адами мәдениетті; күшті аграрлық саланы және мықты өңірлерді барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Ата – баба мұрасын қастерлеп құрметтейтін және ұлттың болашағы үшін шын пейілмен алаңдайтын әрбір қазақстандық менің бастамаларымды қолдайтынына және Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту жөніндегі ортақ істің қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін», – деді кандидат Жигули Дайрабаев. Сонымен қатар іс-шарада кандидаттың жақтастары, фермерлер мен партияның жастар қанатының белсенділері сөз сөйлеп, қолдау білдірді.