Жаңалықтар

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

ашық дереккөзі

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Бүгін 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады.          Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын Халықтық коалицияның өкілдері кірді. Ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап РҚШ мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады.