Қарағанды облысында Димаш Құдайбергеннің муралы салынды

Қарағанды облысында Димаш Құдайбергеннің муралы салынды

Қарағанды облысында Димаш Құдайбергеннің муралы салынды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында Димаш Құдайбергеннің муралы салынды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі №33 түзеу мекемесінің клубында 3 метрлік қабырғаға қазақстандық әнші әрі сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайбергеннің қабырға суреті салынды. Осылайша, Қарағанды ​​колониясында жазасын өтеп жатқан сурет талантымен мекеме басшылығын тағы таңғалдырды. Жазасын өтеуші Республика күніне орай әлемге әйгілі қазақ әншісінің портретін салғысы келген екен. Колония әкімшілігі оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз еткен.
«Түрмеде отырып, шығармашылық қызметімді дамытуға көбірек уақыт бөле бастадым. Сурет салу менің хоббиіме ғана емес, өмірімнің бір бөлігіне айналды», - деді жазасын өтеуші.
Енді Димаш Құдайбергеннің портреті мекеменің акт залындағы сахнаның алдыңғы қабырғасына сән беріп тұр.