Мектептердің сейсмикалық қауіпсіздігі бойынша ЮНИСЕФ өкілімен кездесу өтті

Мектептердің сейсмикалық қауіпсіздігі бойынша ЮНИСЕФ өкілімен кездесу өтті

Мектептердің сейсмикалық қауіпсіздігі бойынша ЮНИСЕФ өкілімен кездесу өтті
ашық дереккөзі
20 қазан күні Сейсмология институтында ЮНИСЕФ-тің Еуропа және ОА бойынша Өңірлік кеңсесінің ТЖ жөніндегі маманы Тигран Товмасян институт қызметкерлерімен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында апат қаупін азайту бойынша Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ)  негізгі мақсаттары мен қызметі жайлы таныстырды.  Қазақстандағы жалпы білім беру мектептерінде оқушыларды табиғи апаттарға дейін, осы жағдай барысында әрекет етуге үйрету мәселесі мен шешу жолдары талқыланды.
«1988 жылы болған Армениядағы Спитак қаласында 10 баллдық күшті жер сілкінісі салдарынан 6 мыңға жуық бала қаза тапты. Осы ауыр қасірет әкелген зілзаладан кейін ЮНИСЕФ ұйымы балаларды табиғи және техногендік апаттардан аман алуға мейлінше күш салуды мақсат етті. ЮНИСЕФ-тің қатысуымен және USAID (АҚШ халықаралық даму агенттігі) қолдауымен Армения мен Қырғызстандағы жобалары бойынша бірыңғай ақпараттық басқару жүйесін нығайту және құру, қатер туғызатын жағдайларды азайту және әрекет етуде өз миссиясын ойдағыдай атқарды. Алматы қаласы сейсмикалық қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіретін болғандықтан жалпы  білім беру орындарында оқитын балалардың апаттар жағдайында икемді болу үшін қажетті дағдыларды үйренуі тиіс. Ол үшін оқушыларға апаттан қалай сақтануға болатын шараларды ұйымдастыру мақсатында  білім беру жүйесімен және ресурстық мектептермен бірге қызмет атқарудамыз», – деді Тигран Товмасян.
ЮНИСЕФ өкілі институт қызметкерлеріне Армения мен Қырғызстандағы жобалар бойынша ұсынылған материалдармен және одан әрі Қазақстандағы мектептердің сейсмикалық қауіпсіздігін бағалау бойынша ықтимал болашақ жобаны іске асыру қажет екенін айтты. Айта кетейік, ЮНИСЕФ - әлемнің 190 елдерімен әлеуметтік нашар жағдайда қоғамнан оқшау  өмір сүріп отырған  балалардың игілігі үшін қолдау көрсетіп келе жатқан беделді халықаралық ұйым.