Жаңалықтар

Қостанайлық тұрғынның үйіне су жылан кіріп кеткен

ашық дереккөзі

Қостанайлық тұрғынның үйіне су жылан кіріп кеткен

20 қазанда «102» пультіне Қостанай тұрғының жуынатын бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар барған. «Өтініш түскеннен кейін біз мекенжайға келдік. Ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз», – деді учаскелік Асқар Ментаев. Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.