Жаңалықтар

Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйі ашылды

ашық дереккөзі

Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйі ашылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның  90 жылдығына орай тұлғаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің салтанатты ашылуы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Музейге жазушыға тиесілі тұрмыстық заттар, оның құжаттары, дипломдары, марапаттары, медальдары, отбасымен және достарымен бірге түскен фотосуреттері қойылған. Халық жазушысының ауылдастары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Шерхан Мұртазаның кабинетін, кітапханасын дәл сол қалпында көріп, тамашалады. Ғимараттың үшінші қабатында бильярд залы бар. Шерхан Мұртаза бір кездері тек қарымды қаламгер ғана емес, бильярд ойының шебері ретінде де өзін көрсете білген.