Зауыт директорының кабинетінен құпия 2 бөлме анықталды (ВИДЕО)
Зауыт директорының кабинетінен құпия 2 бөлме анықталды (ВИДЕО)
19 қазан күні бұқаралық ақпарат құралдарында «Семей машина жасау зауыты» АҚ директорының кабинетінің бейнежазбасы жарияланды. Антикор аталған видеоға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбаны «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Т.К. Әбдірахманов жүргізген.
«Семей машина жасау зауыты «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қарамағына қарайды. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды, ал кредиторлық берешектің өсуі 3 млрд теңгеден асты. Осы жылдың ақпан айынан бастап зауытқа қатысты сот шешімімен 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды», - деп жазылған агенттіктің хабарламасында.Кредиторлар комитетінің шешімі бойынша 2022 жылдың 25 қазанынан бастап зауытта аудит басталады.
«Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ. Бұл ретте, оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметінің тергеуіне жатады», - деп қосты агенттіктің баспасөз қызметі.