Муковисцидозды диагностикалау және емдеу мәселелері талқыланды

Муковисцидозды диагностикалау және емдеу мәселелері талқыланды

Муковисцидозды диагностикалау және емдеу мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда муковисцидозға ерте диагностиканы жетілдіру және емдеу мәселелері талқыланды. Отырысқа Астана, Алматы Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, партия жанындағы аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Муковисцидоз – тыныс алу мен ас қорыту жүйесіне әсер ететін гендердің бұзылуымен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде балалар арасында 165 жағдай расталды.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, қоғам белсендісі Аружан Саинның айтуынша, қазір барлық өңірлерде жаңа туған нәрестелерге ерте диагностика жүргізу керекжәне тер хлоридін талдауда ерте диагностикалау арқылы муковисцидозға бірыңғай тізілім жасауқажет.

«Қазақстанда 2022 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дерегінше, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында муковисцидозбен 165-тен астам ауыратын науқастіркелген. Қазақстанда тіркеу Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының деректеріне сәйкес жүргізіледі. Ал алдын ала есептеулер бойынша, МВ-мен ауыратын балалар әлдеқайда көп, бір жерде шамамен 350 мың. Бірақ сапалы уақтылы диагностиканың болмауы, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесі олардың ондаған, тіпті жүздеген есе көп екенін көрсетеді.Қазақстанда аталмыш сирек кездесетін аурубойынша 92 дәрілік затпен тегін қамтамасыз ету жүзеге асырылуда», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігіне муковисцидозға тізілім жасау қорытындылары бойынша «CysticFibrosisWorldwide» халықаралық қорымен бірге жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, балаларда сирек кездесетін ауруларды анықтау бойынша Жол картасын іске асыруды қайта бастау қажет деген ұсыныс айтты.

Бүгінгі таңда муковисцидоз диагнозымен күресудің күнделікті жұмысы бойынша Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлерінің үлесі зор.

Егер диагноз уақытында қойылса, жақсы нәтижеге ықпал ететін тиісті емдеу тағайындалады. Жағдайын жақсартып, науқастың өмірін ұзарту мүмкіндігі бар. Терапияны уақтылы тағайындау –  қажетсіз сынақтардан аулақ болуға және Денсаулық сақтау минситрлігінің қымбат дәрілік препараттарды сатып аларда қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Муковисцидоз сияқты сирек кездесетін аурулармен тиімді күресу үшін, кеңейтілген тәсіл қажет. Скрининг немесе муковисцидозға ерте диагностиканы барлық облыстардағы  перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жол картасы шеңберінде оны 2023 жылға дейін ұзарту және «AMANAT» партиясыныңбақылауына алыну қажет», - деді жиын соңында Аружан Саин.