Абай облысында Республика күніне орай челлендж ұйымдастырылды (ВИДЕО)

Абай облысында Республика күніне орай челлендж ұйымдастырылды (ВИДЕО)

Абай облысында Республика күніне орай челлендж ұйымдастырылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Семейде 3 мың студент «Атамекен» әнін орындады деп хабарлады turkystan.kz Абай облысының әкімдігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Флешмоб Қарағайлы шағынауданындағы көпфункционалды спорт кешенінің алдында өтті. Оны ұйымдастырған «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ студенттері қолдарына Мемлекеттік ту мен жалаушалар ұстап, «Атамекен» әнін орындады. Шараға барлығы 3000 адам қатысты. Жастар еліміздің үздік оқу орындарын челленджді жалғастыруға шақырды. Айта кетейік, бұған дейін Республика күні қарсаңында «Жастар Рухының»  жастар қанатының белсенділері «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастаған еді.