Жаңалықтар

Елордада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

ашық дереккөзі

Елордада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

25 қазан - Республика күні мерекесіне орай елордада отшашу ұйымдастырылады деп хабарлады turkystan.kz. «Астанада демеушілік қаражат есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді. Фейерверк 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылады. Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағында. Ұзақтығы – шамамен 10 минут, яғни 3,5 мың рет атылады», - деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева. Оның айтуынша, Республика күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өтеді. «Мереке аясында елордада түрлі сала бойынша еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, сондай-ақ батылдығымен көзге түскен азаматтар марапатталады», - деді баспасөз хатшы. Айта кетейік, Республика күні Астанада қалай тойланатыны туралы жазған болатынбыз.