Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына сайланды
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға Ұлттық олимпиада комитеті қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды деп хабарлады turkystan.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының белсенді мүшесі.