Жаңалықтар

Нобель лауреаттары Астанаға келеді

ашық дереккөзі

Нобель лауреаттары Астанаға келеді

Қазанның 26-28 күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында Нобель лауреаттары мен халықаралық компаниялардың басшылары бас қосады деп хабарлады turkystan.kz. Ең ауқымды халықаралық форумда өзекті тақырыптар қозғалатын болады. Қатысушылар форум форматынан тыс ғылыми-танымдық бағыттағы TED Talk-қа қатысып, білімін жетілдіреді. Көрермендерді білікті спикерлердің айтатын маңызды әрі пайдалы ақпараттар күтуде. Кездеуде көтерілетін басты тақырыптар: - Дағдарыс кезіндегі бақыт - Қазіргі жағдайымыз қаржылық күйзеліске дейін жетеді ме? -Қалайша сәтсіз кездер инновация тудырады - Homofuturus: Адамзаттың басы ма, әлде аяғы ма? - Шексіз ақыл-ой - Инновациялардың болашағы - Университеттер не үйретпейді? - Рационалдықтың маңыздылығы неде? - Жаһанданудың дағдарысы - Соғыс туралы не білмедіңіз? Форумның маңызды спикерлері: 2011 жылғы бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері Тавакуль Карман, Инновациялық саясаттан Amazon президентінің орынбасары Пол Мизенер, 2007 жылғы бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері, Климат өзгерісі жайлы сұрақтарының БҰҰ Бас хатшысының ақылшысы, Инчхон университетінің Құрметті профессоры РАЕ Квон Чунг, 2021 жылғы мұғалімдердің әлемдік сыйлығының иегері Кейша Торп және т.б. Аталған фестивальдің басты серіктестері қатарында: Coca-Cola, Jusan Банк, Altyn Qyran корпорациясы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бар.