Алматыда жаңа жылдан бастап мектеп автобустары қатынайды

Алматыда жаңа жылдан бастап мектеп автобустары қатынайды

Алматыда жаңа жылдан бастап мектеп автобустары қатынайды
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесуінде жиналған азаматтардың сұрақтарына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. «Бостандық ауданына жоғары жақтан қосылған ықшамаудандарға қосымша мектеп автобустары бөлінеді деп едіңіз. Сол қашан іске қосылады?» - деп сауалын жолдады аудан тұрғыны.
«Өткен мәслихаттың отырысында бюджетке кіргіздік. Осы жылы арнайы мектептерге 100 автобус сатып аламыз. Жалпы, 2 млрд теңге бөлдік. Автобустарды 1 қаңтардан жібереміз. Қала бойынша әр 8 ауданнан 29 мектепті таңдадық. Бостандық ауданының әкімі берген тізім бойынша әл-Фараби даңғылының жоғары жағындағы мектептерге таңертең жүретін болады», - деп жауап берді қала әкімі.