Жаңалықтар

Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы арнайы дәріс алып жатыр

ашық дереккөзі

Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы арнайы дәріс алып жатыр

Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы президенттік сайлау күні дауыс беру барысын бақылайды. Олардың барлығы Саяси менеджмент академиясы әзірлеген оқыту курсынан өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның нақты ұстанымы – алдағы президенттік сайлау тек қана заң талаптарына сай өтуі тиіс. Электоральды процестің әділ және ашық өтен қамтамасыз ету үшін Саяси менеджмент академиясы байқаушылар үшін арнайы курстар ұйымдастырды. Дауыс беру күні  Халықтық коалицияның байқаушылары еліміздің барлық сайлау учаскесінде жұмыс істейді.