Жаңалықтар

Атасы Қытайда, әкесі Үндістан мен Тайваньда ел басқарған қазақтың хикаясы

ашық дереккөзі

Атасы Қытайда, әкесі Үндістан мен Тайваньда ел басқарған қазақтың хикаясы

Қыркүйек айының соңында Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, қоғамдық-саяси қайраткер Дәлелхан Жаналтайдың (1922-2012) дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған іс-шара өткен болатын. Атаулы жиынға Германиядан арнайы келген Әлихан Жаналтай қазақтардан бөлек, қырғыздар мен ұйғырлардың құқын қорғаған, Шыңжаң, Үндістан, Тайвань өлкелерінде лауазымды қызметтер атқарған, жастардың Тайваньда оқуына септігін тигізген әкесі туралы өз естеліктерін ортаға салып, Қазақстан Республикасы Президенті Архивімен бірлесіп жазған кітаптың тұсауын кесті. Шығыс Түркістаннан басталып, Еуропаға дейін жеткен қазақ көші туралы айтары көп Әлихан Дәлелханұлының әңгімесін жазып алған едік.

АТАМ ЖАНЫМХАН – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

  [caption id="attachment_200960" align="alignleft" width="211"] Шыңжаң аралас үкіметінің Қаржы министрі Жанымхан Тілеубайұлының қолы қойылған қағаз ақша.[/caption] 1949 жылы Мао Цзэ­дунның халық-азаттық армиясы Шыңжаңға едәуір қауіп-қатер төндіре бастады. Атам Шың­жаң қазақтарының азаттығы үшін кү­рескен ержүрек Оспан батырмен бірге Шы­ғыс Түркістан Республикасын құруға бар күшін сарп еткенімен, қарсы күшке төтеп бере алмай, басқа жаққа көшуді көздейді. Алай­да қалың қолдың қоршауына түсіп, 1951 жы­лы 4 сәуір күні Үрімші қаласында атылды. Бел­гілі болғандай, араға 25 күн салып, Оспан ба­тыр да өлім жазасына кесілді.

ӘКЕМ ДӘЛЕЛХАН ҮНДІСТАН МЕН ТАЙВАНЬДА ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТТЕР АТҚАРДЫ

  [caption id="attachment_200963" align="alignright" width="225"] 15 жастағы Дәлелхан Жаналтай әкесі Жанымханмен бірге қажылық сапарға барған кезінен. Ыстамбұл, 1937 жыл.[/caption] 1949 жы­лы жоғарыда айтып өткен қарсы күшке тө­теп беру үшін Үрімшідегі барлық жұмысын тас­тап, Оспан батыр бастаған саяси-әскери қи­мылдарға қатысады. Жеңіліс тапқан соң қaлың елмен бiрге Тибет арқылы Үндiстaн ау­ма­ғына өтіп кетеді.  Ондағы Кашмир өлке­сіне тұрақтаған ол аз уақыттың ішінде Үндi­стaн Ішкi iстер министрлігіндегі барлау қыз­метіне жұмысқа қабылданады. 1960 жы­лы Тaйвaньғa барып, коммунизмге қaрсы одaқ­тың мүшелігіне енді. Сонымен қатар Тaй­пей қaлaсындa болғaн Оңтүстiк-шығыс Aзия мемлекеттерiнiң коммунизмге қaрсы aлтын­шы құрылтaйынa xaлық өкілі ретінде қатысқан. 1969 жылы Түркияға көшіп келген­нен кейiн түрлi қоғaмдық iстерге aрaлaсқaн ол Тaйвaнь өкілдерімен қaрым-қaтынaсты ны­ғaйтып, жастардың онда барып оқуына сеп­тігін тигізді. 1972 жылы Ыстaнбұл қaлa­сын­да «Қaзaқ кент» ayылын құру aлқaсының бaс­тығы болды. 1992 жылы сол кезде елді бас­­қарған Нұрсұлтaн Нaзaрбaевтың шaқы­руы­мен Aлмaтыдa болғaн Дүниежүзi қaзaқ­тaры­ның тұңғыш құрылтaйынa қaтысып, қaуымдaстық төрaлқaсының мүшесi болып сайланды. Бірнеше тіл білетіндіктен, Xaлифa Aлтaй Құрaн Кәрiмді қазақшаға тәржімалаған кез­де сарапшы болды. Өзі басынан кешкен сaя­си оқиғaлaрды жaн-жaқты сипаттап, кітап жаз­ды. Ол еңбегі Дүниежүзi қaзaқтaры қaуым­дaстығының көмегiмен 2000 жылы Aлмa­тыдa «Қилы зaмaн – Қиын күндер» деген атпен басып шығарылды. Әкем 2012 жылдың 15 қаңтарында Ыстанбұлда дүние салды. [caption id="attachment_200967" align="alignnone" width="1500"] Түркиядан Кашмирге келген бір топ қазақ. 1968 жыл.[/caption] Сол кезде тарих пәнінен сабақ бер­ген мұғалімім «Отансыз болғаныңа қай­ғыр­ма. Отбасың – сенің отаның. Ана тіліңді, әдет-ғұрпыңды, мәдениетіңді ата-анаңнан жақ­сы үйреніп алсаң, ұмытпасаң, басқаларға сің­бейсің, қор болмайсың» деп жұбатқаны бар. Десе де, бәрін білгіміз келіп, ата-анамыз­дан қайдан шыққанымыз, қайдан тарай­ты­ны­мыз туралы деректерді көп сұрайтын едік. «Сон­да қазақтардың өз жері бар ма?» деп сұра­ғанымызда, әкем картаны ашып: «Әрине, бар! Міне, Кеңес одағының құрамында. Ал мы­на жатқан Шыңжаң аймағында Шығыс Түр­кістан болған. Жоғары жағында біз, қа­зақ­­тар қоныс тепсек, төменгі жағын ұйғырлар ме­кендеген. Бірақ Қытай мен Ресей арасында туын­даған даудың нәтижесінде аумақ бө­лін­ген кезде біз Қытай жағында қалып қойдық. Негізінен, Алтай аймағында өмір сүрген Шы­ғыс Түркістан қазақтары 250-300 жыл бұрын Семей жақтан шыққан делінеді», – деп түсін­діргені есімде. 1967 жылы әкемнің ағасы Ха­мит­қажы қайтыс болған соң үлкендер ақыл­даса келе «Мұнда отырғанымызға 17 жыл­дай уақыт болды. Біз мұнда жоғалмайық. Балаларымызға да қиын болады. Олардың оба­лына қалмайық. Дұрысы, Түркияға кө­шейік» деп шешті. Мен ол кезде 10-сынып оқу­шы­сымын. Босқын мәртебесімен жүрген біз­ге расымен университетке оқуға түсу қиын­­­­ға соғатын еді. Азаматтық алу да мех­натқа толы іс. Оған қоса, бізге жұмыс істеу не­­ме­­се кәсіп ашу да оңай емес-тін. Сол кезде Ха­­­лифа Алтай, Әнуар Қошжігіт, Сұлтан Кен­жебек аталарымыз қазақтың дәстүрі бойын­ша көңіл айтып келіп, Тайвань арқылы біз тұрып жатқан жерге келді. Олар да әкеме «Мұнда көп тұрақтамай, біз жаққа көшіңіз­дер» деп қолдау білдірді. [caption id="attachment_200973" align="alignnone" width="1200"]Мен жоғары білімді Түркияда емес, Америкада немесе Ұлыбританияда алу­ды мақсат еттім. Бірде әкемнен «Сенің Тай­ва­ньмен байланысың бар ғой. Маған ол жақ­тан шәкіртақы тауып беруге көмектесші» деп өтіндім. Әкем депутат мәртебесін пайда­ла­нып, Тайвань үкіметіне хат жазды. Көп ке­­­шікпей олар Тайваньда Америкамен бай­ла­нысы бар университеттерде тегін оқуға мүм­кіндік бар екенін айтып, жауап қайтарды. Бірақ алдымен қытай тілінен курс оқу қажет, ал қалғаны ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқу­ға құлшынысым артып тұрғанымен, онда жал­ғыз барғым келмеді. Сосын әрі досым әрі құр­дасым Мұстафа Өзтүрікке бірге барып оқу тура­лы ұсыныс айттым. Сол кезде жоғарыда ай­тып өткен Үндістандағы тарих пәні мұға­лімінің мына бір айтқанын мысалға кел­тір­дім. Бірде ол мұғалім: «Біз, Үндістан халқы ағыл­шындарға қарулы күш қолданбадық. Біз олар­дың білімін, мәдениетін, заңын үйреніп, олар­ға қалам арқылы күрес жүргізіп, тәуел­сіз­дікке қол жеткіздік. Сенің мемлекетің Қы­тайға немесе Ресейге қарсы болса да, алды­мен ол елдің тілін үйрен, заңын жатқа біл. Олардың менталитетін жетік білген соң, жазу, сызу арқылы күрес жүргізуге болады» деген еді. Осылай үгіттеудің нәтижесінде Тайваньға 10 бала баратын болып келістік. Оның сегізі – ер бала, екеуі – қыз. Сегіз ұлдың бірі – бізбен бірге Кашмирден көшіп келген ұйғыр бала. Ал екі қыздың бірі – қазақ, екіншісі – ұйғыр. Жалпы, кезінде Үндістанды көп аралаған әкем жағдайы төмен, оқуға мүмкіндігі жоқ түркі тектес балаларды іздеп тауып, тізімін жа­сақтаған еді. Сосын оларды бізбен бірге оқу­ға аттандырғысы келді. Сөйтіп, 1971 жыл­дың мамыр айында Мұстафа екеуіміз бас­таған бір топ студент Тайваньға оқуға келдік. Жал­пы, Мұстафа екеуіміздің әкелеріміз бұрын­нан жақын дос болып, етене араласқан. Түр­кияға көшіп келген соң екеуіміз де жақсы ара­ласып кеттік. Тайваньда ұлттық мей­рам­дарды мерекелеу кезінде ұлттық киімдерімізді киіп, әке-шешемізден естіп, жаттап алған қа­зақ әндерін шырқайтын едік. Қазақ деген ұлтты білмей өскен жергілікті жастар біздің өне­рімізге таңғалатын. Жүрген жерімізде қа­зақ екенімізді айтып, қазақ тарихын баян­дап беретін едік. Мен Оспан батыр мен өз атам­ды сөз қылатынмын. Кейін Мұстафа Мюн­хенде тұрғанда да отбасымызбен ара­ла­сып тұрдық. Қайда барсақ та, екеуіміздің бай­­­­ланысымыз үзілмеді. Әкем айтқандай-ақ, журналист бо­лып жүріп, біздің ұлттың тарихын көп зерт­тедім. Кейін КСРО ыдырап, құрамындағы ел­дер тәуелсіздігін жариялап, әрқайсысы бө­лек кеткен соң радионы жабу туралы сыбыс та­рады. Редакторлар хат жазып, араша түскісі кел­се де Мюнхендегі редакцияның шығыны көп деп, Прагаға ауыстыру туралы шешім қа­­­­былдады. Біз, қазақ редакциясының қыз­мет­керлері Прагаға бармайтынымызды, біз­дің миссиямыз аяқталғанын айттық. «Кеңес одағы ыдырады. Коммунизм жойылды. Алла­ға шүкір, барлығы тәуелсіз болды. Енді тәй-тәй басып келе жатқан елдің ішкі ісіне ара­ласу – біздің көзқарасымызға қайшы. Әрі- бері­ден соң, өз алдына бөлек ел болып шыққан Қа­зақстанды несіне сынаймыз біз?» деп үзіл­ді-кесілді бас тарттық. Жалпақ тілмен айт­қанда, біз Американың ақшасына, ман­са­бына қызықпадық. Біз секілді өзбек, қырғыз, та­тар редакциясындағылар да Прагаға бар­май қойды.