Атасы Қытайда, әкесі Үндістан мен Тайваньда ел басқарған қазақтың хикаясы

Атасы Қытайда, әкесі Үндістан мен Тайваньда ел басқарған қазақтың хикаясы

Атасы Қытайда, әкесі Үндістан мен Тайваньда ел басқарған қазақтың хикаясы
ашық дереккөзі
Қыркүйек айының соңында Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, қоғамдық-саяси қайраткер Дәлелхан Жаналтайдың (1922-2012) дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған іс-шара өткен болатын. Атаулы жиынға Германиядан арнайы келген Әлихан Жаналтай қазақтардан бөлек, қырғыздар мен ұйғырлардың құқын қорғаған, Шыңжаң, Үндістан, Тайвань өлкелерінде лауазымды қызметтер атқарған, жастардың Тайваньда оқуына септігін тигізген әкесі туралы өз естеліктерін ортаға салып, Қазақстан Республикасы Президенті Архивімен бірлесіп жазған кітаптың тұсауын кесті. Шығыс Түркістаннан басталып, Еуропаға дейін жеткен қазақ көші туралы айтары көп Әлихан Дәлелханұлының әңгімесін жазып алған едік.

АТАМ ЖАНЫМХАН – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

  [caption id="attachment_200960" align="alignleft" width="211"] width= Жанымхан Тілеубайұлы[/caption] Атам Жанымхан Тілеубайұлы 1888 жылы Алтай аймағының Сарысүмбе ауданында дү­ние­ге келген. Жастайынан рухани құнды­лық­тарды бәрінен жоғары қойған ол ел ішінде ай­рықша сый-құрметке бөленіп жүрді. 500 адам­дық мешіт, 100 бала оқитын медресе, жа­­­тақханасы бар үлкен кешен салдырды. Ол тек діни мәселелерге емес, сондай-ақ саяси жә­­не оқу-ағарту істеріне де ерекше көңіл бөл­­ді. Қыстауға жақын жерде ұл мен қыз ба­ла­­ларға арналған екі бастауыш мектебінің салынуына түрткі болды. Алтай аймағында жүргізілген саяси істерге белсене араласуының арқасында «залың», «үкірдай» және «тәйжілік» мәртебесіне дейін көтеріліп, кейін ұлттық көтерілістер нәтижесінде құрылған қазақ, ұйғыр және қытай аралас үкіметте қаржы министрі қызметін де атқарды. Алдымен, 1940 жылы Алтай губернаторы, сосын 1946 жы­лы Үрімшіде құрылған Шынжаң аралас өл­келік үкіметінде Қаржы министрі лауа­зымына тағайындалды. 1946-49 жылдары шық­қан өлкелік қағаз ақшаларда Қаржы ми­нистрі ретінде атамның төте жазумен жаз­ған қолтаңбасы қалған. Атам – қазақ тари­хында заманауи ақшада қолы болған тұңғыш қа­зақ қаржы министрі. [caption id="attachment_200961" align="alignnone" width="1203"] width= Шыңжаң аралас үкіметінің Қаржы министрі Жанымхан Тілеубайұлының қолы қойылған қағаз ақша.[/caption] 1949 жылы Мао Цзэ­дунның халық-азаттық армиясы Шыңжаңға едәуір қауіп-қатер төндіре бастады. Атам Шың­жаң қазақтарының азаттығы үшін кү­рескен ержүрек Оспан батырмен бірге Шы­ғыс Түркістан Республикасын құруға бар күшін сарп еткенімен, қарсы күшке төтеп бере алмай, басқа жаққа көшуді көздейді. Алай­да қалың қолдың қоршауына түсіп, 1951 жы­лы 4 сәуір күні Үрімші қаласында атылды. Бел­гілі болғандай, араға 25 күн салып, Оспан ба­тыр да өлім жазасына кесілді.

ӘКЕМ ДӘЛЕЛХАН ҮНДІСТАН МЕН ТАЙВАНЬДА ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТТЕР АТҚАРДЫ

  [caption id="attachment_200963" align="alignright" width="225"] width= Дәлелхан Жaналтай[/caption] Әкем Дәлелхан Жaнымxaнұлы 1922 жы­лы 15 мaусымда Шыңжаң өлкесі­нің Алтай аймағына қарасты Өрмегейтi жaй­лaуын­дa дүниеге келген. Қaзaқ жоғaрғы мек­тебi мен дiни медресенi бiтiрген ол 15 жа­­­сында әкесімен бiрге қажылыққа барып кел­ген соң қоғамдық істермен айналыса бас­таған. «Қaзaқ-Қырғыз» құрылтaйының Aлтaй aй­мaғы бөлiмiнде құрылтaй өкiлi болып жұ­мыс істеді. Кейін Aлтaй aймaқтық қaзaқ-қыр­ғыз ұйымының бaстығы болып сайланды. Әке­сi лауазымды қызмет атқарған тұста бір­не­ше жыл бойы Aлтaйдa бaстaлғaн көтерiлiстi бaсу, елдi тыныштaндыру үшін Aлтaй aймaқ­тық yәкiлдерінің aтынaн келіссөздер жүргізу­ге атсалысты. 1948 жылы елдiң пaрлaмент мү­шесi ретiнде Қытaй мемлекет бaстығын сaйлaу құрылтaйынa xaлық өкілі ретінде қатысқан. Бұл қызметі 1991 жылғa дейiн ұлa­сып, кейін жaңa сaйлaу өткiзiлетiндiктен бар­лық депутаттармен бiрге өкiлеттiгiн тaп­сырып, құрметтi демaлысқa шықты. [caption id="attachment_200971" align="alignleft" width="237"] width= 15 жастағы Дәлелхан Жаналтай әкесі Жанымханмен бірге қажылық сапарға барған кезінен. Ыстамбұл, 1937 жыл.[/caption] 1949 жы­лы жоғарыда айтып өткен қарсы күшке тө­теп беру үшін Үрімшідегі барлық жұмысын тас­тап, Оспан батыр бастаған саяси-әскери қи­мылдарға қатысады. Жеңіліс тапқан соң қaлың елмен бiрге Тибет арқылы Үндiстaн ау­ма­ғына өтіп кетеді.  Ондағы Кашмир өлке­сіне тұрақтаған ол аз уақыттың ішінде Үндi­стaн Ішкi iстер министрлігіндегі барлау қыз­метіне жұмысқа қабылданады. 1960 жы­лы Тaйвaньғa барып, коммунизмге қaрсы одaқ­тың мүшелігіне енді. Сонымен қатар Тaй­пей қaлaсындa болғaн Оңтүстiк-шығыс Aзия мемлекеттерiнiң коммунизмге қaрсы aлтын­шы құрылтaйынa xaлық өкілі ретінде қатысқан. 1969 жылы Түркияға көшіп келген­нен кейiн түрлi қоғaмдық iстерге aрaлaсқaн ол Тaйвaнь өкілдерімен қaрым-қaтынaсты ны­ғaйтып, жастардың онда барып оқуына сеп­тігін тигізді. 1972 жылы Ыстaнбұл қaлa­сын­да «Қaзaқ кент» ayылын құру aлқaсының бaс­тығы болды. 1992 жылы сол кезде елді бас­­қарған Нұрсұлтaн Нaзaрбaевтың шaқы­руы­мен Aлмaтыдa болғaн Дүниежүзi қaзaқ­тaры­ның тұңғыш құрылтaйынa қaтысып, қaуымдaстық төрaлқaсының мүшесi болып сайланды. Бірнеше тіл білетіндіктен, Xaлифa Aлтaй Құрaн Кәрiмді қазақшаға тәржімалаған кез­де сарапшы болды. Өзі басынан кешкен сaя­си оқиғaлaрды жaн-жaқты сипаттап, кітап жаз­ды. Ол еңбегі Дүниежүзi қaзaқтaры қaуым­дaстығының көмегiмен 2000 жылы Aлмa­тыдa «Қилы зaмaн – Қиын күндер» деген атпен басып шығарылды. Әкем 2012 жылдың 15 қаңтарында Ыстанбұлда дүние салды. [caption id="attachment_200967" align="alignnone" width="1500"] width= Дәлелхан Жаналтай Оспан батырмен бірге.[/caption]

ҮНДІСТАНДА ТУСАМ ДА, ҚАЗАҚЫ ОРТАДАН АЖЫРАМАДЫМ

Мен 1954 жылы 1 мамыр күні Үнді­стан­­ның Кашмир өлкесінде дүниеге кел­дім. Онда 4 қана қазақ отбасы, атап айт­сам, әкем, оның екі бауыры мен бір құда­мыз­дың үйінің айналасында өстік. Немере іні-қа­рындастарыммен сол төрт үйдің арасында жү­­гіріп жүріп, қазақ тілін үйрендік. Біздің от­басыларымыз біз үшін әрі мектеп, әрі уни­верситет болды. Тіпті, біз үшін мәдениет ор­талығы әрі діни медресе болды десем де ар­тық айтпаймын. Барлығын отбасы аясында, дас­тарқан басында үйрендік. Кейде түсінбеген тұс­тарымызды урду немесе ағылшын тілінде сұра­сақ, үйдегілер мағынасын қазақ тілінде ег­жей-тегжейлі түсіндіріп беруден шар­ша­май­тын. Олар үйде, тіпті дастарқан басында оты­р­­ғанда сөз арасына урду, ағылшын тілін ара­ластырмауымызды қатты қадағалады. Үлкен­деріміз ұйғырлармен етене араласқан соң ол тілді де меңгердік. Бірақ төрт тілге же­тік болсақ та, қазақ тілі бәрінен биік тұрды. Осы­лайша, мектеп қабырғасында басқа әлем­ді танып өссек, үйдегі таным мен тәрбие бас­­­қаша сипатта болды. Ол кезде жергілікті жұрт түркі тілдес халықтардың бет-әлпетінен бейхабар. Бітік көзділерді көрсе чини (қы­тай­лық), тіби (тибеттік) немесе яркенди (Шы­ғыс Түркістан ұйғырлары) деп атайтын. Ба­ла кезімізде басқа балалар «Бұлардың қай­сы­сыңдар?» деп сұрақты төпелетіп, бізді жиі мазақтайтын. [caption id="attachment_200972" align="alignnone" width="1200"] width= Түркиядан Кашмирге келген бір топ қазақ. 1968 жыл.[/caption] Сол кезде тарих пәнінен сабақ бер­ген мұғалімім «Отансыз болғаныңа қай­ғыр­ма. Отбасың – сенің отаның. Ана тіліңді, әдет-ғұрпыңды, мәдениетіңді ата-анаңнан жақ­сы үйреніп алсаң, ұмытпасаң, басқаларға сің­бейсің, қор болмайсың» деп жұбатқаны бар. Десе де, бәрін білгіміз келіп, ата-анамыз­дан қайдан шыққанымыз, қайдан тарай­ты­ны­мыз туралы деректерді көп сұрайтын едік. «Сон­да қазақтардың өз жері бар ма?» деп сұра­ғанымызда, әкем картаны ашып: «Әрине, бар! Міне, Кеңес одағының құрамында. Ал мы­на жатқан Шыңжаң аймағында Шығыс Түр­кістан болған. Жоғары жағында біз, қа­зақ­­тар қоныс тепсек, төменгі жағын ұйғырлар ме­кендеген. Бірақ Қытай мен Ресей арасында туын­даған даудың нәтижесінде аумақ бө­лін­ген кезде біз Қытай жағында қалып қойдық. Негізінен, Алтай аймағында өмір сүрген Шы­ғыс Түркістан қазақтары 250-300 жыл бұрын Семей жақтан шыққан делінеді», – деп түсін­діргені есімде. 1967 жылы әкемнің ағасы Ха­мит­қажы қайтыс болған соң үлкендер ақыл­даса келе «Мұнда отырғанымызға 17 жыл­дай уақыт болды. Біз мұнда жоғалмайық. Балаларымызға да қиын болады. Олардың оба­лына қалмайық. Дұрысы, Түркияға кө­шейік» деп шешті. Мен ол кезде 10-сынып оқу­шы­сымын. Босқын мәртебесімен жүрген біз­ге расымен университетке оқуға түсу қиын­­­­ға соғатын еді. Азаматтық алу да мех­натқа толы іс. Оған қоса, бізге жұмыс істеу не­­ме­­се кәсіп ашу да оңай емес-тін. Сол кезде Ха­­­лифа Алтай, Әнуар Қошжігіт, Сұлтан Кен­жебек аталарымыз қазақтың дәстүрі бойын­ша көңіл айтып келіп, Тайвань арқылы біз тұрып жатқан жерге келді. Олар да әкеме «Мұнда көп тұрақтамай, біз жаққа көшіңіз­дер» деп қолдау білдірді. [caption id="attachment_200973" align="alignnone" width="1200"] width= Әнуар Қошжігіт, Дәлелхан Жаналтай, Халифа Алтай және Сұлтан Кенжебек. Кашмир өлкесі, 1968 жыл.[/caption] Сол кезде әкемнің «Мен төрт қазақ үй болып көшпеймін. Ұйғыр­лар­ға жиын ашып, оларға да айтайын» дегені есім­де қалып қойыпты. «Ұйғырлар қайдан пай­да болды?» деп сұрағыңыз келсе, кезінде Жі­бек жолының бойында көбіне ұйғыр­лар­дың сауда-саттық жасағаны баршаға аян. Ба­ла-шағасын елде қалдырған ерлері жатпай-тұрмай жұмыс істеп, нәпақа табудың жолын қарастырған. Кейін Коммунистік төңкерістен соң әлгі жол жабылып қалып, олар бергі бетте қалып кетті. Сонда үйлі-баранды болды. Олар­­­ға үнемі қолдау білдіріп жүретін әкем «Біз­бен ере жүріңдер. Ұнамаса, қайтып келе­сің­дер» деп үгіттеп, ақырында 20 шақты ұй­ғыр отбасы бізбен бірге Түркияға қоныс ау­дар­ды. Ондағы ағайын-туыстар бізге үй жал­дап қойыпты, ал ұйғырлар болса, босқын­дарға арналған үйге орналасты. Бірер жыл тұр­ған соң әрқайсысы кәсібін дөңгелетіп, ақы­рында өз алдына бөлек үй болып, Түр­киядағы өмірдің ағымына ілесіп кетті.

ӘКЕМНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ОН ШАҚТЫ БАЛА ТАЙВАНЬҒА ОҚУҒА БАРДЫҚ

 width=Мен жоғары білімді Түркияда емес, Америкада немесе Ұлыбританияда алу­ды мақсат еттім. Бірде әкемнен «Сенің Тай­ва­ньмен байланысың бар ғой. Маған ол жақ­тан шәкіртақы тауып беруге көмектесші» деп өтіндім. Әкем депутат мәртебесін пайда­ла­нып, Тайвань үкіметіне хат жазды. Көп ке­­­шікпей олар Тайваньда Америкамен бай­ла­нысы бар университеттерде тегін оқуға мүм­кіндік бар екенін айтып, жауап қайтарды. Бірақ алдымен қытай тілінен курс оқу қажет, ал қалғаны ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқу­ға құлшынысым артып тұрғанымен, онда жал­ғыз барғым келмеді. Сосын әрі досым әрі құр­дасым Мұстафа Өзтүрікке бірге барып оқу тура­лы ұсыныс айттым. Сол кезде жоғарыда ай­тып өткен Үндістандағы тарих пәні мұға­лімінің мына бір айтқанын мысалға кел­тір­дім. Бірде ол мұғалім: «Біз, Үндістан халқы ағыл­шындарға қарулы күш қолданбадық. Біз олар­дың білімін, мәдениетін, заңын үйреніп, олар­ға қалам арқылы күрес жүргізіп, тәуел­сіз­дікке қол жеткіздік. Сенің мемлекетің Қы­тайға немесе Ресейге қарсы болса да, алды­мен ол елдің тілін үйрен, заңын жатқа біл. Олардың менталитетін жетік білген соң, жазу, сызу арқылы күрес жүргізуге болады» деген еді. Осылай үгіттеудің нәтижесінде Тайваньға 10 бала баратын болып келістік. Оның сегізі – ер бала, екеуі – қыз. Сегіз ұлдың бірі – бізбен бірге Кашмирден көшіп келген ұйғыр бала. Ал екі қыздың бірі – қазақ, екіншісі – ұйғыр. Жалпы, кезінде Үндістанды көп аралаған әкем жағдайы төмен, оқуға мүмкіндігі жоқ түркі тектес балаларды іздеп тауып, тізімін жа­сақтаған еді. Сосын оларды бізбен бірге оқу­ға аттандырғысы келді. Сөйтіп, 1971 жыл­дың мамыр айында Мұстафа екеуіміз бас­таған бір топ студент Тайваньға оқуға келдік. Жал­пы, Мұстафа екеуіміздің әкелеріміз бұрын­нан жақын дос болып, етене араласқан. Түр­кияға көшіп келген соң екеуіміз де жақсы ара­ласып кеттік. Тайваньда ұлттық мей­рам­дарды мерекелеу кезінде ұлттық киімдерімізді киіп, әке-шешемізден естіп, жаттап алған қа­зақ әндерін шырқайтын едік. Қазақ деген ұлтты білмей өскен жергілікті жастар біздің өне­рімізге таңғалатын. Жүрген жерімізде қа­зақ екенімізді айтып, қазақ тарихын баян­дап беретін едік. Мен Оспан батыр мен өз атам­ды сөз қылатынмын. Кейін Мұстафа Мюн­хенде тұрғанда да отбасымызбен ара­ла­сып тұрдық. Қайда барсақ та, екеуіміздің бай­­­­ланысымыз үзілмеді.  width=Кейін Тайваньға әкемнің қолдауымен екінші топ барды. Онда қытай тілін үй­ренген соң әркім өзі қалаған мамандығы бойын­ша оқуға түсті. Алғашқы оқу жылынан соң денсаулығым сыр беріп, дәрігердің нұс­қаулығымен Түркияға оралып, ем-дом алдым. Жағ­дайым түзеліп, Тайваньға оқуға енді бар­ғалы жатқанда әлемдегі саяси жағдай шие­ленісіп, көп ел Тайваньмен байланысын үзген соң оқуымды жалғастыра алмай қалдым. Со­сын әскери борышымды өтеп қайттым. Әс­керден оралған соң мәрмәр тас өндіретін құры­лыс фирмасына жұмысқа тұрдым. Онда ин­женердің көмекшісі болдым. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі хаттарды реттес­тіру­мен айналыстым. Сөйтіп жүргенде, Ан­кар­а­да тұратын Шәрипа есімді қызбен көңі­лім жарасып, екеуіміз шаңырақ көтердік. Бір­де Азаттық радиосында жұмыс істеп жүр­ген құдамыз Талғат Қошжігіт жұмысында жас кадрлар іздеп жатқанын айтып, бағымды сы­нап көруді сұрады. Сұхбаттасудан соң бар­лығы келісе кетіп, ақырында қазақ ре­дак­ция­сына жұмысқа қабылдандым. Сөйтіп, 1978 жы­лы Түркиядан Германияға көшіп, онда 1995 жылдың жазына дейін жұмыс істедім. Ол кезде қазақшам таза, түрік тілін ара­лас­ты­рып сөйлеуді әдет қыла қоймаған кез. Десе де, қазақшамды бұрынғыдан бетер жетілдіре түстім. Ағылшыншаға да судаймын. Қытай ті­лін де жетік білетін болғандықтан, олардың бас­пасөзіне де шолу жасау міндеттелді. Қазақ ті­ліндегі мақалаларды көбіне жасы үлкен аға­лар жазатын-ды. Мен ағылшынша мате­риа­л­дарды аударып, өңдейтінмін. Сонда жүр­генде Қазақстан тарихын, Алаш орда тари­хы туралы көп дерекке қанық болдым. Бір қызық айтайын. Бұған дейін Алаш орда та­рихынан хабарым болмады. Кашмирде тұр­ғанда әкемнен «Бізде ел бар ма, ол елді бас­­тайтын көшбасшы бар ма?» – деп сұра­ға­ным­да: «Қазақтардың басшысы – Әлихан Бө­кей­ханов. Сенің есіміңді соның құрметіне қой­дым. Кейін есейген соң өзің зерттеп алар­сың» деген еді.  width=Әкем айтқандай-ақ, журналист бо­лып жүріп, біздің ұлттың тарихын көп зерт­тедім. Кейін КСРО ыдырап, құрамындағы ел­дер тәуелсіздігін жариялап, әрқайсысы бө­лек кеткен соң радионы жабу туралы сыбыс та­рады. Редакторлар хат жазып, араша түскісі кел­се де Мюнхендегі редакцияның шығыны көп деп, Прагаға ауыстыру туралы шешім қа­­­­былдады. Біз, қазақ редакциясының қыз­мет­керлері Прагаға бармайтынымызды, біз­дің миссиямыз аяқталғанын айттық. «Кеңес одағы ыдырады. Коммунизм жойылды. Алла­ға шүкір, барлығы тәуелсіз болды. Енді тәй-тәй басып келе жатқан елдің ішкі ісіне ара­ласу – біздің көзқарасымызға қайшы. Әрі- бері­ден соң, өз алдына бөлек ел болып шыққан Қа­зақстанды несіне сынаймыз біз?» деп үзіл­ді-кесілді бас тарттық. Жалпақ тілмен айт­қанда, біз Американың ақшасына, ман­са­бына қызықпадық. Біз секілді өзбек, қырғыз, та­тар редакциясындағылар да Прагаға бар­май қойды.  width=

ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІП, ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕГІМ КЕЛГЕН ЕДІ

Германиядан Түркияға түбегейлі көш­келі жатқанда кенеттен сыр­қат­та­нып қалдым. Бір көзіме бірнеше ота жасап, ем­делу процесі ұзаққа созылды. Ақыры денсаулығым жақ­сара түспеген соң 2002 жылы мүгедектік бойын­ша зейнетке шығуыма тура келді. Әйт­песе, сол кезде Қазақстанға барып, жастарды таэ­вондоға баулып жүрген Мұстафа Өзтү­рік­тің қатарына қосылып, зерттеу институтында жұ­мыс істегім келген еді. Сондағы жастарға бар білгенімді үйретуді көздеген едім. Бұл ой­­лағаным іске аспай қалды. Біз бір атадан үшеу едік. Кенже інім 33 жа­сында жүрек талмасынан қайтыс бол­ды. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ» де­мек­ші, оның артында бір ұл, бір қызы қалды. Ал үлкен інімнің төрт баласы бар. Барлығы да ба­лалы-шағалы. Інімнің үлкені Есентай қазір Алматыда тұрады. Ал өзі қолындағы бала-ша­ғасымен Ыстанбұлда анама қарайласып отыр. Біз Шәрипа екеуіміз Өміртай, Құбылай және Абай атты үш ұлды тәрбиелеп өсірдік. Бар­лы­ғы шетелде жоғары білім алған, үйленген, от­басылы.

Жазып алған Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ