Үштөбеде жол жөндеушілер темір жол рельсінің үстінен асфальт төсеп тастаған

Үштөбеде жол жөндеушілер темір жол рельсінің үстінен асфальт төсеп тастаған

Үштөбеде жол жөндеушілер темір жол рельсінің үстінен асфальт төсеп тастаған
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Үштөбе қаласындағы темір жол рельстерінің үстінен асфальт төселгені туралы ақпарат тарап кетті. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқиға болған жерге барып, бұзушылық дерегін анықтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны белгілі болды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.